Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (10)

Арманым

Жібердім бір баладан қағаз жазып,
Сұлуға сұңқар мойын, белі нәзік.
Лебіңнен «бір марқабат бола ма»,- деп,
Жолыңда құрбың отыр жүрек сазып.

Толық

Шайырлардың сомасы

«Баһадүр» деп білмеңіз-
Жиынды бұзған тентекті.
Кезеніп атар оқ емес,
«Қару» деп білме келтекті.

Толық

Сәйекеге

Сөз жазамын нұсқалап,
Көп ұзатпай қысқалап.
Мінезі құрсын Сәкеңнің,
Түйе сияқты ұшқалақ.

Толық

Таубайдың Жүсібіне

Бар еді менде не ақың кеткендей-ақ?
Тиеді мына сөзің кетпендей-ақ.
Аузыңнан қандай-қандай сөз шығады,
Тұлпарды есек келіп тепкендей-ақ.

Толық

Ұстаздарым

Аш, бабын сөздің, дүр Омар,
Жөн болса сөзің тыңдалар.
Келіспесе кестесі-
Ретсіз сөзді кім тыңдар!

Толық

Ұстазым

Мәлікүл - Мәуіт періште -
Пенденің келсе оңынан,
Гүрзі алып келсе қолына -
Мүңкір - Нәнгүр солынан:

Толық

Пікірлер